Аудан әкімінің елді мекендерге жұмыс сапары Аққұм ауылында жалғасты. 2024 жылы Аққұм ауылдық округінде 8 көше күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов ең бастысы жолдың сапасына назар аудару қажеттігін жеткізді.
Ауыл тұрғындары тарапынан қозғалып жүрген сауалдардың бірі Р. Князев көшесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары толықтай жасалатынын, 8 көшенің тізімінде бар екенін айтты.
Бұл ретте ауыл әкіміне елде болып жатқан оң өзгерістерді, мемлекетті қолдауларды халыққа уақытылы және нақты деректермен ұсынып отыруды тапсырды.
Аудан әкімімен еркін пікір алмасқан ауыл халқы ақсақалдардың атынан, ауыл тұрғындарының атынан туған жерге қолдау білдіргені үшін ел Президентіне, үкімет басшысына, облыс әкіміне шынайы алғыстарын білдірді.