ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жалағаш ауданы бойынша ауылдық округтердің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 2024 жылы Мырзабай ахун, Т.Жүргенов, Есет батыр елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 915,0 млн. теңге бөлінді.

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Есет батыр ауылдық округіндегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда жоспарланған 377 тұрғын үйдің тұсына бағана орнату жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің халықпен кездесулерінде қозғалған электр желілерін қайта жаңғырту мәселесі 2024 жылы толықтай шешім табатын болады.

Ауылдағы ауқымды жобаның жұмыс барысымен танысқан Ардақ Ибраимов тұрғындармен пікір алмасты. Елді мекендердегі күрделі мәселелерді шешуде, халыққа қолайлы жағдай жасау ел Президентінің, үкімет басшысының, облыс әкімінің қолдауы екенін айтты. Ауылдағы көше жарықтарын орналастыруға демеушілік жасап жатқан шаруашылық төрағаларына өз алғысын білдірді.

Алдағы уақытта Есет батыр және Мырзабай ахун, Т.Жүргенов елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары сапалы аяқталуы үшін тұрақты бақылауда болатындығын жеткізді.

БӨЛІСУ