Биыл Қазалы ауданы бойынша барлығы 17 377 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Негізгі дақыл — күріш 6 200 га.
Сонымен қатар, осы жылдың егісі үшін 1 746 тонна күріш, 31 тонна бидай, 21 тонна арпа, 32 тонна жоңышқа және 4,2 тонна мақсары тұқымдары дайындалды.
Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 289 дана ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылып, жеңілдетілген 894 тонна дизель отыны бөлінді.
Айта кету қажет, аудан бойынша ерте егілетін ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары наурыз айының 29-нан бастап, кірісті.
Қазіргі таңда аудан бойынша 4832 га ескі жоңышқа толығымен тырмаланып, 1300 га суғарылса, межеленген 2843 га жаңа жоңышқаның 611 га, 362 га жаздық бидайдың 80 га егіліп егілсе, 50 га мақсары және 60 га арпа дақылдарын егу жоспарда бар.
Бүгін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов тиісті сала мамандарымен бірге «Агро Өркен» ЖШС-нің егістігінде болып ақ егіс егу жұмыстарымен танысты.