ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет осы күнге дейін Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Темірлан Қожаназаровты басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.

Басқосуда аудан әкімі Темірлан Нұрланұлын қызметін жоғары кәсіби деңгейде атқарған азамат екенін атап өтіп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданымыздың ең жоғарғы марапаты Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Өз кезегінде Темірлан Қожаназаров әріптестеріне және барша аудан тұрғындарына ризашылығын білдірді. Басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліште сөз алып, Темірлан Нұрланұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, ізгі лебізін жеткізді.

Айта кетейік, Темірлан Нұрланұлы 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын абыроймен басқарып келді. Алдағы уақытта Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы қызметін атқаратын болады.

БӨЛІСУ