2024 жылдың 12 наурызында Арал ауданы бойынша білім бөлімі ардагерлер кеңесі мен әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен педагогтердің біліктілігін арттыру және олардың іскерлік, кәсіби шеберліктерін шыңдау, коммуникативтік қарым-қатынасын өмірлік тәжірибемен ұштастыру мақсатында Г.Құдайбергенова, С.Әбішева, Б.Баймұқан авторлығымен жарық көрген «Қазақтың Қанипасы» кітабы бойынша ардагер ұстаздар мен жас мамандар арасында «Ой-қазына» алаңының аудандық кезеңі Пікіралмасу (диспут) форматында өткізілді.
Пікіралмасуға қатысқан ардагер ұстаздар мол тәжірибесінен А.Йассауидің «Даналық кітабы» бойынша талдай отырып, ұлттық құндылықтар мен тәрбие тағылымдарын оқушы бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Орта буын өкілдері «Қазақтың Қанипасы» шығармасынан өз тәжірибесін дамытуға тиімді эпизодтарды анықтап, талдай әңгімеледі.
Жас мамандар «Қ.Бітібаеваның оқыту технологиялары менің ізденісімде» тақырыбында бейнесабақ немесе презентация түрінде сабақ беру үдерісінде қолдануға ықпал жасаған инновациялық-әдістемелік жаңашылдығы жайында ой-толғамын ортаға салды.
Диспут кезінде озық ой, ұтымды пікір айтқан №83 орта мектебінің шығармашылық тобы 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
№57 орта мектебі 2-орын, №177 және №260 орта мектептер 3-орын алды.
Орын алған мектептер аудандық білім бөлімінің Дипломымен марапатталды. Қатысушылар Алғыс хаттарға ие болды.