ҚАЗАҚСТАНДА 16 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТІРКЕЛУГЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАҚ

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына шектеу енгізу ұсынылып отыр.
Құрылтай онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желілерге кіру үшін балалардың жасын мән беріледі. Яғни 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың тіркелуіне жол берілмеуі тиіс.
Жас ерекшелігін анықтаудың бірнеше тетігі қарастырылған.

Атап айтқанда:

  • Цифрлық токен арқылы – пайдаланушының жеке деректерін жария етпей-ақ жасын растауға мүмкіндік береді.
  • eGov арқылы – ата-ана баласының атына тіркелген SIM-картаны белгілей алады. Осы нөмір арқылы әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылады.
  • Смартфонды белгілеу арқылы – шектеу телефон нөміріне емес, құрылғының өзіне енгізіледі. Бұл жағдайда бала ата-анасының SIM-картасын пайдаланса да, шектеуді айналып өте алмайды.

Сонымен қатар депутаттар балалардың білім алуына, хат алмасуына және дамуына қажетті цифрлық платформаларға мұндай шектеулер қолданылмауы керектігін ұсынды.
Жаңа бастаманың негізгі мақсаты – балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғау және олардың цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

БӨЛІСУ