Қызылордалық «Қайсар» кезекті кездесуінде «Атырауды» 1:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. Ойын тартысты өтіп, қос команда да жеңіске деген жігерін танытты.
Алайда алаң иелері шешуші сәтті тиімді пайдаланып, есеп ашты. Матч соңына дейін «Атырау» тарапы таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен, «Қайсар» қорғаныста сауатты ойнап, минималды басымдықты сақтап қалды.
1:0 – «Қайсардың» пайдасына!
Бұл жеңіс қызылордалық команда үшін турнирлік тұрғыдан да маңызды. Әсіресе өз алаңында жанкүйерлерінің алдында ұпай еншілеу – команданың жігерін арттыратын жақсы нәтиже.
Сыр елінің «Қайсары» жеңісті жолын жалғастыра берсін!