ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Ерданұлы мен Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы маманы Асель Зейноллақызы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойындағы «Достық кешенінде» түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Негізгі мақсат аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес – өңір аумағында этносаралық кикілжіңдердің алдын алу, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және көпшілік орындарда мәдени қарым-қатынас нормаларын ұстану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту болды.

Жұмыс барысында жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың өкілдеріне:
– этносаралық қатынастардың құқықтық негіздері,
– тұрмыстық жанжалдардың алдын алу тетіктері,
– даулы жағдайларда медиацияның рөлі,
– мәдени әртүрлілікке құрметпен қарау қағидаттары жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Сонымен бірге қызметкерлер мен келушілерге кикілжің туындаған жағдайда тиісті мекемелерге жүгіну жолдары, алдын алу механизмдері және қоғамдық келісім мен өзара сыйластықтың маңыздылығы түсіндірілді.

Өңірдің стратегиялық маңызы бар транспорттық дәлізінде тұрақтылықты сақтау – ауданның да, облыстың да басты міндеттерінің бірі.

БӨЛІСУ