Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Жиынның күн тәртібінде 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру мен халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.
Аудан әкімі бағдарлама аясында белгіленген мақсат-міндеттерге ерекше мән беріліп, әр сала бойынша нақты жоспарлар жасалуы қажеттігін атап өтті.
«Бұл бағдарлама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Сондықтан әрбір бөлім мен мекеме жылдық жоспардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуі қажет», – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау тетіктері де кеңінен талқыланды.
Жиын қорытындысымен аудан әкімі барлық сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалуын жіті бақылауда ұстауды тапсырды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі