АУДАН ӘКІМІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

 Жиында аудан әкімі өрт қауіпсіздігінің алдын алу, тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттарындағы қазандық пештердің қалыпты жұмыс істеуін бақылау, газ және жарық желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, жауапты сала мамандарына әр үйдің жылыту жүйесін бақылауға алып, ақаулардың алдын алуды, төтенше жағдайлардың болмауына ерекше мән беруді тапсырды.

Сонымен қатар, профилактикалық шараларды күшейтіп, халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін ескертті.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ