АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕЙД ӨТТІ

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Таза Қазақстан» акциясының сапалы орындалуы, кәсіпкерлік ғимараттардың қасбеттік талаптарға сайлығын тексеру мақсатында жүргізілген рейдтік жұмыстармен танысты.

Рейд барысында аудан әкімі жауапты мамандардан атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат алып, нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, заңсыз салынған құрылыстар мен рұқсатсыз тасталған құрылыс қалдықтарын ретке келтіру қажеттігін ескертті.

Сонымен бірге, құрылыс материалдарын көшеге тастаған нысан иелеріне заң талаптары түсіндірілді.

 Аудан әкімі бұл бағыттағы бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, тәртіп пен тазалық – ортақ міндет екенін жеткізді.

БӨЛІСУ