МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қазіргі ахуалы және тиісті органдар мен мекемелерге берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, нақты жұмыстар мен алдағы жоспарларды ұсынды.

 «Мемлекеттік бағдарламалар мен көрсеткіштер уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс. Халықтың әл-ауқатын көтеру, экономикалық көрсеткіштерді арттыру бойынша берілген әрбір тапсырма – нақты нәтиже беруге бағытталуы керек», – деді А.Ибраимов.

 Жиынды қорытындылаған аудан әкімі көрсеткіштердің орындалуын ұдайы бақылауда ұстап, жұмыстың тиімділігін арттыруды және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы істерді жандандыруды тапсырды.

БӨЛІСУ