ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Бірлескен отырысқа облыстық мәслихат төрағасы М.Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, үстіміздегі жылғы 10 қараша күні өткен тұрақты комиссия отырысында депутаттар тарапынан болған ұсыныстар бойынша қолдау тапқан мәселелерге қысқаша тоқталып өтті.
Одан бөлек, депутаттар бірқатар өзекті сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов және облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы М. Тәуіпбаева егжей-тегжейлі жауаптарын берді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.

БӨЛІСУ