Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ олардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Рейд барысында халық көп шоғырланатын орындар мен дәмханалар қамтылып, жасөспірімдердің заң талаптарын сақтауына назар аударылды. Сонымен қатар, тұрғындарға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді.
Профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.