Мәдениет саласы қызметкерлері арасындағы спартакиада басталды.
Бүгін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов аудан мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан әріптесіміз Байғараев Сәбит Тұрғанұлын еске алуға арналған мәдениет саласы қызметкерлері арасындағы спартакиаданың ашылу салтанатына қатысты.
Іс-шараның мақсаты — Сәбит Тұрғанұлының еңбегіне құрмет көрсетіп, рухына тағзым ету, сондай-ақ мәдениет қызметкерлері арасындағы достықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиадаға кент пен ауылдық округтерден құралған 6 команда қатысып, волейбол, футбол, және арқан тарту спорт түрлерінен бақ сынайтын болады.