ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бірнеше жылдан бері қазан айының соңында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Ел Президентінің Жарлығымен бекітілген бұл күнді атап өту биылғы жылы да жарасымды жалғасын тапты. Аудан әкімдігінде бас қосқан сала қызметкерлері құрмет төрінен табылып, ыстық ықылас пен ізгі ниеттерге қанық болды.

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.
– Әлеуметтік жұмыс — тек білім мен білікті ғана емес, басқа адамның ауырсынуын түсіну және сезіну үшін адами қасиеттерді талап ететін ерекше мамандықтардың бірі болып табылады.«Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады» — дейді халық даналығында. Осы салада жеткен жетістіктердің барлығы – ізгілік пен адамгершілікті ту еткен Сіздердің еселі еңбектеріңіздің, халық алғысының жемісі.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қоғамның әлсіз өкілдеріне жүрек жылуын ұсынып отырған Сіздердей жанашыр жандарға шынайы алғысымызды білдіргім келеді, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов.
Аудан әкімдігінде өткен жиында жоғары кәсібилік, саладағы көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттілігі, әлеуметтік, еңбек саласына елеулі үлес қосқан, аянбай еңбек еткен бірқатар сала қызметкерлері марапатталып, құрмет төрінен көрінді. Еңбегі еленген сала қызметкерлері мерекелік көңіл күймен тарқасты.

БӨЛІСУ