2025 жылғы 31 қазан күні Ақсу ауылдық округіндегі №116 орта мектеп ғимаратында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру азаматтарға тегін заң көмегін көрсету болып табылады.
Шараға аудандық прокуратурасының прокуроры Әділжан Оразғали, аудан әкімінің орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция, білім, денсаулық сақтау, салық қызметі және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
«Халық заңгері» акциясы тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және олардың заңдық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.