САЛАУАТТЫ ӨМІР-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ

 Ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті.

Шиелі ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай шахматты насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ардагерлер арасында шахмат пен дойбыдан ақыл-ой сайысы ұйымдастырылды.
Жарысқа аудандық мәслихат төрағасы Тұрабаев Мұрат Өскенбайұлы қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.
Сайысқа:
Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері,
Семей ядролық сынақ полигонының ардагерлері,
Ауғанстан соғысының ардагерлері,
Таулы Қарабах ардагерлері,
Желтоқсан оқиғасына қатысушылар,
Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлер қатысты.

Жеңімпаздар мен белсенді қатысқан ардагерлер Алғыс хаттармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

БӨЛІСУ