ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өтті

Шиелі ауданында аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қызметі» жобасы шеңберінде бірқатар ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер, сұхбат алаңы және акциялар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Бәйтерек, Иіркөл, Жаңатұрмыс, Керделі, Ақмая, Тұран, Ақтоған, Алмалы, Телікөл ауылдық округтері мен Шиелі кентінде өткен кездесулерге Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, “Әділет” құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, заң консультанты Дәулет Ізбасарұлы, сондай-ақ тәжірибелі заңгер Ерлан Еркінұлы қатысып, халықпен ашық сұхбат құрды.

Кездесу барысында заңгерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, оны болдырмау жолдары, әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен белсенді ұстанымының маңызы жөнінде жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, құқықтық кеңес берілді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ақпараттық жадынамалар таратылып, арнайы акциялар ұйымдастырылды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қоғамда әділдік пен ашықтық қағидаларын орнықтыру әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті.

Бұл бастама – қоғамда құқықтық мәдениетті көтеру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

БӨЛІСУ