ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖІГЕР, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Тәуелсіздік пен тұтастығымыздың кепілі – Конституция күні!
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Руханият орталығында жастар арасында «Құқықтық жігер, құқықтық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге Сырдария аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы Кузербаев Дархан Арыстанбекұлы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жастардың Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы білімін кеңейту, оның маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру. Шара барысында еліміздің конституциялық-құқықтық саясатын дәріптеу, қоғамға жоғары жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, азаматтық бірлікті арттыру мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеясын насихаттау арқылы жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін көтеру көзделді.

БӨЛІСУ