Бүгін облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Ерсұлтанов №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған облыстық мәслихат депутаты Мұсаева Гүлшат Исақызына салтанатты түрде депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыс етті.
Аталған іс-шараға Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Шәменова мен Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаев және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Өз кезегінде мәслихат төрағасы Н.Байқадамов билік пен халық арасын жарастырар депутаттық қызметтің жауапкершілік жүгі жоғары екендігін айтып, өңіріміздің әлеуметтік-дамуы жолында нәтижелі еңбек етіп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
2024-04-05