Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті.
Отырысқа қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық мәслихаттың төрағасы И.Құттықожаев, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық Полиция басқармасының бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысының күн тәртібіне «Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы», «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлықтың және суицидтің алдын алу бағытында атқарылған іс-шаралар туралы», «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы», «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы», «2023 жылғы Қызылорда қаласы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тыңдау туралы», «2024-2026 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер шығарылды.
Аталған мәселелерге байланысты қалалық мәслихаттың төрағасы И.Құттықожаев, қалалық Полиция басқармасының бастығы А.Қасанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы А.Төлегенова, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Баймырзаев, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Ш.Әбдірахманов, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Отырыс барысында, кеңес мүшелері Ү.Жарекеева жасөспірімдер тарапынан анықталған құқық бұзушылық фактілердің жасырылуына жол бермей, толық есепке алу, құқық бұзушылықтың алдын алуда полиция — мектеп — ата-ана арасындағы байланысты күшейту, әрбір суицидтің орын алуынуына ықпал еткен факторларды анықтау, оның алдын алу, М.Кәрімбаев қаламыздың сол жағалауында салынып, егесіз тұрған жылу қазандықтарын жауапты мекеменің балансына беру, А.Жаппасбаев халыққа мемлекеттік қызметтерді уақытылы, сапалы көрсету, Қызылжарма ауылын аяқ сумен толыққанды қамтамасыз ету, Қ.Ерназаров алдағы уақытта сатып алынатын 100 дана Электравтомобильдердің (экотакси) халыққа сапалы, тиімді қызмет көрсетуін қамьтамасыз ету бағытында ой бөлісіп, ұсыныстарын берді.
Отырысқа қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Дүйсенбаев төрағалық етті.