Ардақ Әбдіғаппарұлының жаңа қызметке тағайындалатыны туралы ақпарат тарады. Ол Жалағаш ауданының әкімі қызметінен кейін Облыстық кәсіпкерлік басқармасына жетекшілік етеді деген мәлімет бар.
Ардақ Ибраимов Жалағаш ауданын 2023 жылдың қазанынан бері басқарды. Соңғы кезеңде ауданда инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыру бағыттарына басымдық берілді. Мәселен, биыл ауданға 26,3 млрд теңге инвестиция тартылған ірі агроөнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда.
Жаңа қызметі оның Жалағаштағы тәжірибесіне тікелей жақын бағыт болмақ. Аудан әкімі ретінде кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, инвестициялық жобалар мен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін тұрақты көтеріп келген. Сол тәжірибесін өңірдің кәсіпкерлік саласын дамытуға жұмсайтын шығар?!
