Педагогтерді аттестациялаудың жаңа моделі әзірленуде.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды өзгерістер енгізуде. Реформаның басты мақсаты – ұстаз еңбегін әділ, ашық және артық талаптарсыз бағалау жүйесін қалыптастыру.
Негізгі өзгерістер:
- Педагогтердің білімін бағалау тесті (ПББ) толығымен алынып тасталады
- Тестілеу тек: жаңа бітірген жас мамандарға,үзілістен кейін жұмысқа қайта оралған педагогтерге, білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне ғана сақталады.
- Біліктілік санатын алу тәртібі:
Кемінде 2 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар педагогтер өтініш бере алады.
Бағалау тек практикалық нәтижелерге негізделеді, атап айтқанда:- мұғалімнің портфолиосы
- оқушылар жетістігі
- оқу-тәрбие жұмысының сапасы
Қосымша өзгерістер:
- Авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік жұмыстарды ұсыну талабы алынып тасталады
- ПББ қайта тапсыру (ақылы түрде) жойылды
- Бұрын төленген қаражат толық қайтарылады
Жаңа жүйе 2027 жылдан бастап күшіне енеді.
Оған дейін:
- Қажетті балл жинай алмаған педагогтердің санаты мен үстемақылары сақталады
- Аттестаттау 2026–2027 оқу жылына ауыстырылып, жаңа ереже бойынша өтеді
- ПББ енді аттестаттаудың міндетті шарты болмайды
Қазіргі уақытта жаңа форматтың нақты қағидалары әзірлену үстінде.
