КАСПИЙДЕ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ. 9 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты.

Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 9-ы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылды. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылған. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен арнайы комиссия аттанды.
Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

БӨЛІСУ