АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

7-11 маусым аралығында Қызылорда қаласында атқарушы органдар қызметкерлері арасында өткен облыстық спартакиадада Жаңақорған ауданы әкімдігінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Дәстүрлі спорттық додаға облыс бойынша қала және аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалардан құралған 18 команда қатысып, спорттың 10 түрі бойынша өзара бақ сынасты.

Бүгін Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Руханият» орталығында спартакиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев аудан әкімі Мажит Самитовтың құттықтауын жеткізіп, облыстық спартакиадада аудан абыройын асқақтатқан қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметпен қатар спортты серік етіп, өңірдің мерейін үстем етіп жүргенін атап өтіп, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тіледі.

Марапаттау рәсімінен кейін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күйге сыйлады.

БӨЛІСУ