Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов халықпен тұрақты кері байланысты нығайту және тұрғындарды толғандырған мәселелерді жергілікті жерде талқылау мақсатында Ақтан және Жанқожа батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен жиында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы және алдағы жоспарлар кеңінен сөз болды.
Кездесу барысында аудан басшысы ең алдымен елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларға тоқталып өтті. Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірлердің дамуына жаңа серпін беруге бағытталғанын атап өткен аудан әкімі облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың жетекшілігімен өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де кеңінен баяндады.
Алмасбек Әбілқасымұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, соңғы жылдары жүзеге асқан маңызды жобалардың нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарып келе жатқанын жеткізді. Әсіресе инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, халықты ауыз сумен, табиғи газбен қамтамасыз ету, жол жөндеу және әлеуметтік нысандар салу бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.
Жиында аудан әкімі бүгінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылып жатқан бірқатар маңызды жобаларды атап өтті. Соның ішінде тұрғындар көптен күткен Қарлан көпірінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерін тарту жұмыстары қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы өткен жылы аудан халқының жүз пайыз таза ауыз сумен қамтылғанын ерекше атап өтті. Бұл – елді мекендердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нақты