БАР МЕЙІРІМ — БАЛАЛАРҒА

 1 маусым — Халықаралық балалар күніне орай Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында «Бар мейірім — балаларға» атты мерекелік шара өтті.

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Е. Жаналинов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Б. Байхожаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Ж. Ахетова, сонымен қатар, қызмет алушы балалардың ата-аналары мен балаларға қамқорлық жасап, қолдау білдіріп жүрген демеушілер қатысты.

Орталыққа келген қонақтарды басқарма қызметкерлері, орталықтың қызмет берушілері мен қызмет алушы балалар қарсы алды.

Мерекелік шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы ашып, қатысушыларды, қызмет алушы балаларды мерекелерімен құттықтады. Әлеуметтік қорғау саласының дамуына өз үлестерін қосып, орталықтың балаларына қамқорлық жасап жүрген демеушілер, орталық қызметкерлері, балалардың ата – аналарын Алғыс хаттармен марапаттады.
Балалардың өнерін тамашалаған мерекелік концерттен соң қонақтар Орталық жұмысымен танысты.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді әлеуметтік, медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету арқылы олардың қоғамға бейімделуіне, дамуына және өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасалуда.

Орталық заманауи дамытушы құралдармен жабдықталған. Арнаулы әлеуметтік қызмет тиісті стандартқа және әлеуметтік бағыттарға сәйкес жүргізіледі.

Балаларды үй жағдайына жақындатылып тәрбиелеуге мүмкіндіктер берілген. Монтесори, сенсорлы, емдік денешынықтыру, тұзбен емдеу бөлмелерінде балаларға оңалту шаралары жүргізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізілуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 130 орындық (стационар – 60, жартылай стационар – 70), Орталықта жыл басынан 133 бала қызмет алуда.

БӨЛІСУ