ОЙЫН АЛАҢДАРЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы қала аумағындағы 18 тұрғын үй ауласына заманауи балалар ойын және спорт алаңдары салынды. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме — «Еңбек» РМК жүзеге асырды. Қазіргі таңда нысандардың сапасы тұрақты бақылауда ұсталып, анықталған кемшіліктер кепілдік міндеттемелеріне сәйкес кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, 27 тұрғын үй ауласына заманауи балалар ойын және спорт алаңдарын салу мақсатында жобалар әзірленіп, облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда аталған аумақтарда ескі құрылымдарды демонтаждау және құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жоба аясындағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

БӨЛІСУ