АҚШ ПРОФЕССОРЫ РОД ВИНГ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін әлемге танымал күріш геномикасы саласының жетекші ғалымы, Род А. Винг Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында профессор Род А. Винг ҚорқытАта атындағы Қызылорда университетіне барып, оқу орнының ғылыми-зерттеу әлеуетімен және заманауи зертхана жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, өңірдегі ірі күріш өңдеу кәсіпорындарының бірі – Абзал и К толық серіктестігінің күріш өңдеу зауытында болды. Биыл іске қосылған құны 1 млрд теңге болатын толық автоматтандырылған зауыттың өндірістік қуаты 2,5 есеге артып, қалдық көлемі 3-4 пайызға дейін азайған. Кәсіпорын сағатына 12 тонна күрішө ңдейді. Барлық процесс цифрлық жүйемен басқарылып, өнім сапасы онлайн бақылауға алынған. Сонымен қатар, зауытта күн электр станциясы іске қосылып, «жасыл» технологиялар енгізілген.
Бұдан әрі, Нағи Ілиясов ауылына барып, егіс алқаптары да аралады. Қазіргі таңда шаруашылықта 4000 гектар жерге күріш егу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жоңышқа мен бидай дақылдарын егу толық аяқталған.

БӨЛІСУ