Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылған жұмыс тобы Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда магистралды және шаруашылықаралық каналдар арқылы егістік алқаптарына су алу жағдайына, ауыспалы егіс тәртібінің сақталуына және егілген күріш көлемін нақтылауға мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда жұмыс тобы Қармақшы ауданындағы егіс алқаптарын аралап, шаруашылықтардағы су пайдалану барысы мен егіс көлемдерінің сәйкестігін бақылауда. Мониторинг барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, бекітілген лимиттердің сақталуы және ауыспалы егіс талаптарының орындалуы басты назарға алынуда.
Айта кетейік, облыс бойынша биыл күріш егісін 70 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Оның ішінде Қармақшы ауданында күріш көлемі 10 700 гектарды құрайды.
Өңірдегі су тапшылығы жағдайында су үнемдеу технологияларын енгізу, егіс құрылымын әртараптандыру және суды тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.