АУДАН ӘКІМІ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесуде аудан әкімі ел үшін еңбек майданында аянбай тер төккен ардагерлердің қажырлы еңбегі мен өнегелі ғұмыры кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі екенін атап өтті.

Мерекелік құттықтауға аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов пен құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.

БӨЛІСУ