ЕРТЕҢ ОБЛЫС ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Қызылорда облысында өңір әкімін тағайындауға келісім беру бойынша мәслихат депутаттарының жиыны өтеді.

Тиісті хабарландыру Қызылорда облыстық мәслихаты аппаратының ресми сайтында жарияланды. Онда жиынның 2026 жылғы 8 мамыр күні сағат 09:00-де Қызылорда қаласында өтетіні көрсетілген.

Хабарламада бұл шара Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес ұйымдастырылатыны айтылған. Аталған Жарлық облыс әкімін тағайындауға келісім беру тәртібін реттейді.

Сондай-ақ депутаттарды тіркеу жұмыстары таңғы сағат 08:00-де басталатыны нақтыланды.

Айта кетейік, мұндай жиындарда Президент ұсынған кандидатураға мәслихат депутаттары келісім береді.

БӨЛІСУ