МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны, салық түсімдері және кенттің санитарлық-тазалық мәселелері қаралды.

Мәжілісте алдымен, көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы талқыланып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, әскери қызметтің маңызын насихаттау, шақыру пункттері мен медициналық комиссиялардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, кент және ауылдық округтердегі санитарлық тазалықты күшейту, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, ғимараттардың қасбеттерін ретке келтіру бойынша нақты міндеттер жүктелді.

 Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

БӨЛІСУ