Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында инклюзивті саясатты іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту және макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.
Мәжілісте аудан әкімі жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Аудан бойынша 2026 жылдың 3 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерде өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 24,6 пайызға артып, 8 355,0 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Жиын қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.