Бүгін облыстық мәслихат депутаттары Садық Мұстафа мен Жұмабек Ембергенов бастаған жұмыс тобының іссапары Сырдария ауданында жалғасты.
Сапар барысында халық қалаулылары ауданның спорт саласына жауапты мамандармен, сондай-ақ спорт клубтары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің басшыларымен кездесті. Кездесуде саланың қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары жан-жақты талқыланды.
Жиында спорт инфрақұрылымын жаңғырту, қолданыстағы нысандардың әлеуетін арттыру және материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде тұрғындардың спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай жасау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Спорт – ұлт денсаулығы мен ел дамуының маңызды тетігі. Осыған орай, саланы жүйелі түрде дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру алдағы уақытта да басты міндеттердің бірі болып қала береді.