Бүгін Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясының ұйымдастыруымен Арал-Сырдария Бассейндік Кеңесінің 29 кезекті отырысы өтті.
Мәжіліске Қызылорда, Түркістан облыстарының су және ауыл шаруашылығы саласының облыстық және республикалық мекеме басшылары, су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, облыстық мәслихат өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, суару жүйелерінде су ресурстарын бөлудің жаңа тәсілдерін әзірлеу тақырыбында мәселелер қаралды.
Мәжілісте 2025 жылы қабылданған жаңа Су кодексінің талаптары, су шаруашылығы саласының мәселелері мен жоспары, Түркістан және Қызылорда облыстарының вегетациялық кезеңге дайындық мәселелері, суармалы су лимиті, трансшекаралық Сырдария өзені арқылы жоғарыдан келетін судың болжамдары жайлы және саладағы өзекті мәселелер талқыланды.