Бүгін «Анаға тағзым» орталығында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет әлеуметтік сала, білім, мәдениет, денсаулық сақтау бағыттарындағы қызмет атқарып жүрген нәзік жандылармен кездесіп, «Жаңа прогрессивті Конституция – біздің бірлігіміздің негізі» тақырыбында басқосу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституцияның мән-маңызын түсіндіру, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті талқылау және әлеуметтік сала мамандарымен ашық пікір алмасу. Бұл жиын Астана қаласында өткен «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» тақырыбындағы көшбасшы әйелдердің кездесуімен үндесіп, өңірлік деңгейде жалғасын тапты.
Өз сөзінде Мейрамбек Зинабдинұлы жаңа Конституциялық модель мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік сала қызметкерлерінің қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Ашық әрі мазмұнды форматта өткен жиын қоғамдағы ынтымақ пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Жаңа Конституция ел бірлігінің, тұрақтылық пен дамудың берік тұғыры екені тағы бір мәрте айқын көрінді.