Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік тас жолының аудан аумағындағы бөлігінде орналасқан аялдамалар мен жол белгілерін әрлеу жұмыстарын және автодәліз бойындағы «Достық» кешенінің қызметін бақылап көрді.
Халықаралық транзиттік тас жолының аудан аумағындағы бөлігінің ұзақтығы – 50 км. Жол бойында бір сервистік кешен орналасқан. Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
«Аудан аумағындағы жолдың барлығы таза, жолаушылар үшін ыңғайлы болуы тиіс. Жол бойындағы нысанның қызмет көрсету сапасына, санитарлық тазалығына ерекше мән беру қажет», – деді А.Ибраимов.
Айта кетейік, «Достық» кешенінің жалпы аумағы 650 шаршы метрді құрайды. Кешенде 25 орындық қонақ үй, 65 орындық асхана, 25 орындық VIP-зал, 1 азық-түлік дүкені, 1 душ және 1 газ құю бекеті жұмыс істейді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі