ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫ НЫҒАЙТАТЫН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жалағаш аудандық Руханият орталығында аймақтағы этносаралық қатынас саласындағы ахуалға байланысты семинар-тренинг өткізіліп, жастар арасында бұзақылықтың алдын алуға бағытталған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Шараны аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп өткізді.

Кездесуге ҚР Құрметті білім қызметкері, Ауған соғысының ардагері Бейбітжан Шілдебаев, сондай-ақ Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері Жанар Дүйсембай арнайы қатысты.

Семинар-тренинг барысында:
– өңірдегі этносаралық қатынастардың қазіргі ахуалы,
– мектеп жасындағы балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары,
– достық, өзара сыйластық және келісім мәдениеті,
– әскери-патриоттық тәрбие мен ұлтқа қызмет етудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірілді.

Спикерлер оқушыларға өз тәжірибесі мен өмірлік өнегесін бөлісіп, ел бірлігін сақтаудағы жауапкершілік, татулықтың қоғам үшін маңызы, жас ұрпақтың елдік рухты көтерудегі рөлі жөнінде әсерлі ойлар айтты.

БӨЛІСУ