Жалағаш аудандық индустриалдық аграрлық колледжінде «Жұмысшы мамандықтары жылы» шеңберінде студенттермен еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет қатысып, жастардың пікірін тыңдады.
Студенттер өз мамандықтары бойынша дайындаған көрмелерін таныстырып, нақты ұсыныстар мен өзекті сұрақтарын ортаға салды.
Жыл көлемінде колледж қабырғасында жоғары нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқан бірқатар студенттер Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтің алғыс хатымен марапатталды.
Бұл – жастар мен билік арасындағы ашық диалогтың, жұмысшы мамандықтарының беделін көтерудегі нақты қадамның көрінісі.