Қызылорда қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын пысықтау, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында үйлестіруді күшейту мақсатында «Қыс-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдары мен күштерін дайындау».
Іс-шараға азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында Қала аумағындағы құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеру;
Азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығына саптық қарау жүргізу;
Қала аумағындағы дамбыларға нығайту жұмыстарын жүргізу;
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және іздестіру жұмыстарын қамтамасыз ету шаралары пысықталды.
«Қыс-2025» оқу-жаттығуы Қызылорда қаласында қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлерді алдын алу және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс- шаралар болып табылады.