Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Әнуәрбек Дәрмағамбетовтің қатысуымен арнайы құрылған жұмысшы топ тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрттің алдын алу, пештер мен жылыту құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, улы газдан улану қаупін болдырмау сынды маңызды мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, жедел әрекет ету алгоритмдері түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптары жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.
Айта кетейік, аталған іс-шара алдағы күндері де жалғасып, аудан бойынша барлық елді мекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жалғасын табатын болады.