Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2025 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы.
Бөлімнің биылғы жылға бюджеті 75,9 млрд.теңгені құрайды.
Бүгінге күнге игерілген қаржы: 51,7 млрд.теңге.
Қалдық қаржы: 24,2 млрд. теңге.
Оның ішінде:
20,3 млрд. теңге, игерілгені 18,6 млрд. теңге.
Атап айтқанда, жыл басынан 27 көшеге жол құрылысын салу және
3 көпір құрылысын салу жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда 23 көшеде және 3 көпір құрылысы аяқталды. Қалған 4 көшеде (Шоқай, Есімхан, Әбдіразақов, Қалдаяқов) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала көшелерін күтіп ұстау жұмыстары бойынша мердігер «Алем Транс Жол» ЖШС арқылы 14 көшеге толыққанды асфальт төсеу жұмыстары және қала көшелерінің бұзылған асфальт қабаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
20,9 млрд. теңге.
Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент паркін қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 23,4 млрд. теңгеқаралып, «Alem Qurylys AQ» ЖШС арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 11,2 млрд теңгеқаржы игерілді.
Қызылорда қаласындағы аттракциондар паркін қайта жаңарту жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 6,5 млрд. теңгеқаралып, «Alem Qurylys AQ» ЖШС арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 6,3 млрд. теңгеқаржы игерілді. Нысан толығымен аяқталған.
Қызылорда қаласы, Қорқыт ата атындағы саябағын аббаттандыру жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 1,1 млрд. теңгеқаралып, «Астана-Сервис» ЖШС» арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда қаржытолығымен игеріліп, нысан қабылдауға берілді.
Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлерді абаттандыру жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 315,3 млн. теңге қаралып, «Азамат құрылыс» ЖШС арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 253,8 млн. теңге қаржы игерілді.
Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын күрделі жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаралып, «Еңбек» РМК арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда
300,0 млн. теңге қаржы игерілді (20 ойын алаңы).
Қызылорда қаласындағы коммуналдық шаруашылық нысандарын күтіп ұстау және қызмет көрсетуге қалалық бюджеттен 702,4 млн.теңге қаралып, 600,9 млн. теңге қаржы игеріліп, мердігер «РеалСтройСнаб» ЖШС—мен жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.
қаралып, 91,6 млн. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылып, 4 жоба аяқталды. Сонымен қатар, 165,9 млн. теңгені құрайтын 6 жобаға мемлекеттік сатып алулар жүргізілуде.
Қызылорда қаласын безендіру мақсатында жарық диодтар және ЛЭД экран орнатужұмыстарына 101,8 млн. теңге қаржы қаралып, «РеалСтройСнаб» ЖШС—мен жұмыстар толығымен аяқталды.
Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 75 дана контейнерлерді орнатуға 119,7 млн. теңге бөлініп, «Зеленстрой» ЖШС мен жұмыстар толығымен орындалды.
Қызылорда қаласындағы көпір асты, әуежай аумағындағы газондарды және бейіттерді қоршау жұмыстарына 100,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Ағымдағы жылы 20 тұрғын үйді линеарлы панельдермен қаптау үшін 1,0 млрд.теңгеқаралып, жұмыстары басталды (Мердігер мекемесі: «Еңбек» РМК, Техникалық қадағалаушы: «Қызылорда технадзор» ЖШС, Жобалаушы: «KZO Project» ЖШС).
Бүгінгі күні, 5 тұрғын үйлердің қасбеттері қапталып болды.
1.А. Тоқмағамбетов көшесі №1 үй;
2.Абай көшесі №33 үй;
3.Абай көшесі №28 үй;
4.Әйтеке би көшесі №27 үй;
5.Қонаев көшесі №26 үй.
Одан бөлек 369,8 млн.теңгеге қала аумағындағы 34 тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын.
Бүгінгі күнге дейін 282,5 млн.теңгеқаралып, аталған тұрғын үйлердің шатырлары толық қайта жаңғыртылды (87,3 млн.теңге қаржы күтілуде).
2025 жылы басында ыстық сумен қамтылатын 236 үйге республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаржыға 61 түрғын үйлерде жұмысты бастау үшін мердігер мекеме анықталып, бүгінгі күні өжірелерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (Тапсырыс беруші: «ҚЖЭО», мердігер мекеме: «ПромСтройМатериал»
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қазанайында қалған 176 үйге 10,2 млрд. теңге қаржы бөлініп мердігер мекемелері анықталды (Тапсырыс беруші: тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мердігер мекемелер: «Асанас-Дар» ЖШС, «Бақ-Береке 2030» ЖШС).
Жалпы жоба құны 15,2 млрд. теңгені құрайды.
Жоба аясында, тозығы жеткен ескі құбырлар жаңартылып, сапалы трассалар тартылуда. Әрбір пәтерге сумен жылуды есептейтін заманауи есептегіштер орнатылуда. Бұл шығынды нақты анықтап, тұрғындарға әділ тариф қолдануға мүмкіндік береді. Жоба аясында отандық және шетелдікөндіріс – «Danfos» және «Wilo» — ның автоматтандырылған жылу пункті (АТП) орнатылуда. Бұл ыстық су беру процесін толығымен автоматтырежимде басқаруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда: жылу энергиясын есептейді, температураны реттейді, қысымды қадағалайды, су айналымын бақылайды, төтенше жағдайларды болдырмайды.
6) Ойын және спорт алаңдары бойынша:
Ағымдағы жылы қала аумағындағы 20 аулаішіне заманауи балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салу үшін 1,3 млрд.теңге қаржы қаралып жұмыстары басталды (Мердігер мекемесі: «Еңбек» РМК, Техникалық қадағалаушы: «Premium Tech-control» ЖШС, Жобалаушы: «ПСК Qabylet» ЖШС).
1. Тәуелсіздік 1 — газон төселді, МАФ орнатылып жатыр;
2. Чайковский 6 — газон төселді;
3. Бейбарыс 7а — газон төселді;
4. Қазыбек би 12 — МАФ орнатылып жатыр;
5. Қазыбек би 43,45 — футбол алаңының қоршауын орнатылды;
6. Шұғыла 2 — балалар ойын алаңының қоршауын орнату жүргізілуде;
7. Шұғыла 32 — Футбол ойын алаңының қоршауын орнату;
8. Шұғыла 22 — футбол алаңы және балалар ойын аланына қоршауы дайындау жұмыстары жүргізілуде;
9. Айтбаева 33 — бетон қабылдау жұмыстары жүргізілуде;
10. Иманова 102 — Футбол алаңына бетон қабылданды;
11. Ақмешіт 20 — бетон астындағы жабындары (ГПС, ЩПС) төселуде;
12. Арай 106 — бетон астындағы жабындары (ГПС) төселуде;
13. Есімхан (жалпы 6 үй ауласы) — Футбол ойын алаңының қоршауын орнату жұмыстары жүргізілуде;
14. Жаппсбай батыр (жалпы 5 үй ауласы) — демонтаж жұмыстары аяқталды, бетон астындағы жабындары төселуде;
15. Жаппасбай батыр 70м — демонтаж жұмыстары;
16. Бейбарыс 93а-д — демонтаж жұмыстары;
17. Бозығұлов 13 — демонтаж жұмыстары;
18. Бозығұлов 2-3 — демонтаж жұмыстары;
19. Бозығұлов 8 — демонтаж жұмыстары;
20. Бегім ана 13 — үй ауласындағы гараждарды көшіру жұмыстары күтілуде.
7) Қоғамдық көлікті субсидиялауға 4,0 млрд.теңге, игерілгені
3,5 млрд. теңге.
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС 2024 жылдың 7 тамызында «KZO Qala Trans» ЖШС-не кейіннен сатып алу құқығынсыз мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз 1 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беріліп, 2025 жылдың
23 қыркүйегінде шарт тоқтатылды.
Сонымен қатар, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-ін кейіннен сатып алу құқығынсыз мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мемлекеттік мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру мақсатында тендер жарияланып, «BAZA CONSTRUCTION» ЖШС-мен 2025 жылдың 31 қазанында келісім шарт жасалды.
Осы ретте, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-ін «BAZA CONSTRUCTION» ЖШС-не өткізу жұмыстары жүргізілетін болады.
Қызылорда қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге
2,3 млрд. теңге қаралып, «Қызылорда тазалығы» КМК мен бүгінгі таңда
1,8 млрд. теңге қаржы игерілді.
Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыруға 87,4 млн. теңгеқаралып, «With You E&C Kyzylorda» ЖШС мен бүгінгі таңда 37,5 млн. теңге қаржы игерілді.
жөндеу жұмыстарына 1,3 млрд. теңге, игерілгені 650,0 млн. теңге;
Қызылорда қаласындағы 11 тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстарына 708,5млн. теңге қаралып, «Еңбек» РМК мен
257,1 млн. теңге қаржы игерілген.
Одан бөлек 9 тұрғын үйлердің қасбеттерін күрделі жөндеу жұмыстарына 296,0 млн. теңгеқаралып, «Еңбек» РМК мен 136,8 млн. теңгеқаржы игерілген.
30 тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіруге барлығы қалалық бюджеттен 252,5 млн.теңге қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Сонымен қатар, 87,4 млн. теңгені Қызылорда қаласы Сырдария мөлтек ауданы №19,20,21,30 мекен жайында орналасқан тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіру жұмыстарын бастауға 1,0 мың теңге қаралды.