«АУЫЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы Жаңақорған ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстармен танысты.

Айта кетейік соңғы үш жылда Мемлекет басшысының бастамасымен, аймақ басшысының қолдауымен Жаңақорған ауданында 5 жаңа дәрігерлік амбулатория мен ауылдық аурухана салынды. Атап айтар болсақ, Қаратөбе, Жаманбай батыр, Әбдіғаппар ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Төменарық ауылында 15 төсектік аурухана және «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы салынып, бүгінде аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуде.
Үстіміздегі жылы қайтарылған активтер есебінен жалпы құны 739 миллион теңге қаражатқа аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жанынан екі қабатты блок қосылып, өз кезегінде құрылыс толық аяқталып пайдалануға берілді. Алдағы уақытта инсульт бөлімі заманауи құрал-жабдықтармен қатар көптен күткен МРТ, Ангиограф аппараттарымен толықтыратын болады.

БӨЛІСУ