АРАЛДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

Арал ауданы бойынша қаңтар-қыркүйек айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 26,8 млрд. теңге болды.  Жалпы құны 7,1 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланған. Оның ішіндегі құны 1,2 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды:

«Ase Invest» ЖШС-нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы. Жоба құны – 300 млн. теңге.​

«Sinooil» ЖШС-нің «Жанар-жағармай құю станциясын салу» жобасы. Жоба құны – 500 млн. теңге.

«Қарашалаң балық» ЖШС-нің «Арал қаласында балық өңдеу зауытын ашу» жобасы. Жоба құны – 422 млн. теңге. Бұл жобалардың нәтижесінде 40 адамт ұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, құны 5,9 млрд болатын 4 жобаны іске қосу жоспарда бар. 

«Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауытын салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд. теңге.​

​«Эко Энерджи Плюс» ЖШС-нің «Арал ауданында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясы бар көпфункционалды жол бойындағы кешен салу» жобасы. Жоба құны – 1,2 млрд. теңге.

​«Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің «Жоғары сұрыпты ас тұзының өндірісі» жобасы. Жоба құны – 1 млрд. теңге.

​«Petro Retail PFS» ЖШС-нің «Жол бойы қызмет көрсету орталығын ашу» жобасы. Жоба құны – 700 млн. теңге.
Аудандп ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 8,3млрд. теңгені  құрап, нақты көлем индексі 101,7 пайызға өсті.
Нақтырақ айтсақ, 61 543 бас мүйізді ірі қара, 92 722 бас уақ мал, 60 181 бас жылқы, 37 504 бас түйе тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төрт түлік мал басы санында өсім қалыптасқан.

Салада қолдан балық өсіру жұмыстары да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда тауарлы балық өсіру шаруашылығы, тоған шаруашылығы және тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсірумен 16 шаруашылық айналысуда.

​Қазан айында балық шаруашылығы өндірісінің
100 жылдық мерейтойы да жоғары деңгейде аталып өтті.

​Сол ізбен жақында облыс орталығында «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында Балық шаруашылығы саласы бойынша Арал ауданы «Озат аудан» атанды.

​Аралдықтардың еселі еңбегі осы шарада ескеріліп, ел мерейін тасытар молшылық маусымында аудан озаттары да түрлі марапат төрінен көрінді.

​Атап айтар болсақ, «Қасқырбай» шаруа қожалығының жылқышысы Әділ Елеусізов «Озат жылқышы», «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы Бақберген Ахметов «Озат түйекеш» және «Құланды» ЖШС директоры Нұрбек Тлеуов «Асыл тұқымды мал өсіретін үздік репродуктор-шаруашылық» номинацияларын алды.
Бұл жылдың төрт мезгілінде табан аудармастан еңбек етіп, адалдықтың айнымас үлгісіне айналған жандарға берілген лайықты баға.

​Аймақ төріндегі дүбірлі шараның легі жыл сайынғы дәстүрлі мереке «Алтын күз -2025» шарасы аясында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне ұласты.

​Құрылыс саласында да айтарлықтай айшықты істер бар. Жыл басынан бері ауданда 14,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

​2025 жылдың қантар-қыркүйек айында27 672 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға өскен.

​Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биылға барлығы 12,8 млрд. теңге қаржыға 4 жобабойынша жалпы 318 шақырым ауыз су желілері жүргізілуде.

​Қазіргі таңда Ақбасты(125 шқ) елді мекені толықтай орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылса(жоба құны – 2,4 млрд.тг.), Тоқабай, Абай(138,6 шқ) елді мекеніне ауыз су жеткізуді мерзімінде аяқтауға күш салынуда(жоба құны — 8,2 млрд.тг.).

​Сонымен қатар Ерімбетжаға(23,7 шқ.)және Тастүбек(30,7 шқ.), елді мекендеріне ауыз су желісі тартылуда.

​Осы жобалар жүзеге асырылса аудандатаза ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,9 пайызға жетеді.

​Қазіргі таңда «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырының»
200 шақырымнан астам бірінші желісінің тозу деңгейі 80 пайызды құрап отыр. Биыл ауыз су құбырының екінші желісін тарту жұмыстары басталды. Жоба құны 43,7 млрд. теңге.

БӨЛІСУ