Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Бодыбай Құлтекенов атындағы жабық бассейннің ішкі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.
Нысанды аралау барысында мердігер мекеме өкілдерінен орындалған және алда атқарылатын жұмыстар туралы толық мәлімет алып, жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, нысанды белгіленген мерзімнен кешіктірмей, мүмкіндігінше ертерек аяқтап, тұрғындар игілігіне ұсыну қажеттігін тапсырды.
Сонымен бірге, аудан әкімі бассейннің қызмет көрсету сапасын арттыру, санитарлық тазалықты тұрақты сақтау, нысанның ішкі-сыртқы келбетін талапқа сай ұстау және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытында жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.