Арал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары қолға алынды. Бұл жолғы сенбілік жұмыстарының мәні бөлек, маңызы зор деуге болады.
«Таза Қазақстан» акциясы – жай ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Ол кең ауқымды іс-шараларды қамтиды. Бүгін сол шараның лайықты жалғасы ретінде өткен сенбілік жұмыстарына қала бойынша түрлі мекеме қызметкерлерімен қатар белсенді тұрғындар да атсалысты.
Сенбілік аясында скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандарының айналасы, орталық көшелер мен қоғамдық орындар тазартылды. Атап айтқанда, бордюр жиектерін құмнан тазалау, әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ туған өлке аумағы ретсіз өскен өсімдіктерден, күл-қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтардан арылтылып, арнайы техниканың көмегімен қала сыртындағы полигонға шығарылды.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау, туған өлкені тазарту және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.