Аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатовтың төрағалымен 19 қазан – Құтқарушы күніне орай мерекелік қабылдау өтті. Жиынға төтенше жағдай саласы ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Сол үшін де құтқарушылар қажетті құрал-жабдықтармен барынша жарақтандырылуы тиіс.
«Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздер үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарып келесіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!» деді аудан әкімінің орынбасары Әліби Қодарұлы.
Мерекелік қабылдау барысында сала ардагерілері Сұлтан Нұрбекұлы мен Мейрамбек Ақбергенұлы өз өмірлерін қатерге тігіп, үнемі төтенше жағдайда жұмыс істеп жүрген жандарға алғыстарын білдірді.
Жиын барысында сала ардагерлері мен қызметкерлері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының, аудан әкімінің алғысымен марапатталды.