ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық, облыстық және жергілікті бюджет қаражаттарының атқарылу қорытындылары қаралды.

Мәжілісте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жұмаділ Маратжан баяндама жасап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту, шағын және орта бизнес, сондай-ақ бюджеттік түсімдер мен шығыстардың орындалуы жөнінде ақпарат берді.

Аудан басшысы Айтбай Жандарбеков өз сөзінде:
ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын тұрақты түрде қатаң бақылауда ұстауды;
2025 жылға бөлінген барлық бюджет қаражатының заң аясында толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді;
республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген үнемделген қаржыларды уақтылы бюджетке кері қайтаруды;
ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде тұрақты оң өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар мәжілісте қосымша екі өзекті мәселе қаралды:
Аудан аумағындағы заңсыз карьерлердің жағдайы және олардың қызметін реттеу мәселелері;
Ауданның коммуналдық меншігіндегі бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану және оларды кәсіпкерлік айналымға енгізу жолдары.

Аудан әкімі барлық жауапты сала басшыларына аталған міндеттерді мерзімді түрде орындауды және олардың орындалу барысы туралы тұрақты есеп беруді тапсырды.

БӨЛІСУ